Монополистер xалыққа 900 млн теңгені қайтарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Заң бойынша монополистер әрбір адамның жылуға кетірген ақшасын қайта есептеп отыруы қажет. Себебі даладағы ауа температурасына қарай көмір және тағы басқа ресурстар әрқалай жағылады, тұтынушыларға берілетін жылудың деңгейі де әртүрлі болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың ақшасын қайта есептегенде жылу маусымында болған нақты ауа температурасы ескеріледі. Мәселен, өткен жылдағы жылу маусымы бойынша барлық тұтынушыларға 900 млн теңге қайтарылуы тиіс. Ол ақша қазіргі төлемақыны төмендету арқылы қайтарылады», - дейді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев.

Оның айтуынша, қайтарылған ақша әрбір адамның жеке есепшотында аванс ретінде көрсетілуі керек. Ал жылу үшін кеткен артық ақшаны есептеу шаралары жаңа жылу маусымы, яғни қазіргі кезде басталып кетті.

Айта кетейік, бүгінде республика бойынша жылу мауысымы басталса да, ауа-райы суымай тұр. Демек, келесі жылу мауысымы кезінде де xалыққа біраз ақша қайтарылуы шарт.

Соңғы жаңалықтар