Моңғолиялық Шынай Рахметұлының «Шолақ қол келіншек» драмасы Семейде сахналады

None
None
БАЯН-ӨЛГЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында 27-29 сәуірде Монғолия мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, жазушы, журналист Шынай Рахметұлының «Шолақ қол келіншек» трагедиялық драмасы қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адамдық асыл қасиеттер жомарттық пен қайырымдылық туралы сыр шертетін драманың қоюшы режиссері Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрының директоры Сахан Акелеев, суретшісі Данияр Алдабергенов.

Жазушының «Шолақ қол келіншек» драмасы 1991 жылы ұлы ақын, ағартушы Ақыт Үлімжіұлының шығармашылығына негізделіп жазылған. 1991-1993 жылдары Баян-Өлгей аймағының Музыкалық драма театрында көрсетіліп, көптің көңілінен шыққан туынды автордың Қазақстанның сахнасына тұңғыш қойылатын пьесасы болмақ.

Айта кетерлігі, жазушының мұнан басқа Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан әзірге жалғыз батыр, Халқын-гол шайқасының қаһарманы - Ікей Мәзімұлы жайлы жазылған «Жар тілегі» пьесасы және «Енді қайту керек», «Бүркіт» секілді онға тарта пьесалары бар. Бұл туындылар аймақтық Музыкалық драма театрында және өлкелердің халықтық театрларында қойылып келеді.

Соңғы жаңалықтар