Моңғолиядан шыққан экспедициялық топ Ұлытаудың тарихи орындарына тəу етті

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Түркі академиясы халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Астанадан Ұлытауға жолға шыққан экспедициялық топ Сарыарқаның бел ортасындағы Жошы хан, Домбауыл және Алаша хан кесенелерін көріп қайтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ұлытаудан.

Еске сала кетсек, Түркі академиясы 2017 жылдың 15 тамызынан 17 қыркүйегіне дейін Моңғолия және Қазақстан аумағынан өтетін «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты кезекті ІІІ халықаралық экспедициясын ұйымдастырған болатын. Моңғолиядағы Кентай аймағынан бастау алған экспедиция 15-16 қыркүйек күндері Қазақстандағы тарих тұнған өңірлердің бірі, Ұлытаудағы Алаша хан мен Жошы хан кесенелерінің басында қорытындыланады.
null

Бүгін таңертең экспедициялық топ Жезқазған қаласынан Жошы хан кесенесіне шықты. Көнеден қалған батыр бабаның бейітіне тағызым еткеннен кейін топ «Сарыарқаның бел ортасы Ұлытау көне дәуірден келе жатқан түркілердің мекеніне табан тіреді.

«Сарыарқаның бел ортасы. Ұлытау көне дәуірден келе жатқан түркілердің мекені болып есептеледі. Міне, тарихтың атасы Геродот Ұлытау тауларын Сақ таулары деп атап кеткен. Мұнда сақтардың аақты қолбасшылары, патшалары тұран. Оған куә Айбас дарасындағы үлкен қорғандар. Соның айналасында он шақты қаланың орындары жатыр. Отырар, Сауран, Сығанақ сынды қалалардың керуендері осы жаққа ағылып келіп жатқан. Сол жолдардың бойында керуен сарайлары болған. Ол уақытта Ұлы жібек жолы жоқ еді. Осы жерден (Жошы кесенесінен - авт.) 12 шақырымда көне кенішердің орындары жатыр. Кең далада алтын, күміс, мыс көп болыпты. Мыс жолдары, лазурит жолдары сол уақыттан қалған.
null

Кезіндегі оғыз тайпалары, түркі рулалы Мажарстан жаққа көшті. Сол уақыттағы ұлы көштен кейін ыдырау басталды. Шыңғысхан Хорезмді де басып алған болатын. 1220 жылы Қарақорымдағы құрылтай болып, Шыңғысхан ұлдарына жер бөліп берді. Жошы кең байтақ жерге иелік етті. Сөйтіп осы жерде Жошы ұлысы қалыптаса бастады. Шыңғысхан сол кездегі 126 мың әскердің 4 мыңын ғана берді. Өйткені Жошы жергілікті халықтан зор қолдау тапқан еді. Майқы би, Кетбұқа би қолдауымен кең далада империя құрылған еді.

null

«Жошы хан 1184-1227 жылдар аралығында өмір сүрген. Оның не себепті қайтыс болғаны тарихта әртүрлі айтылады. Мына жерде Жошы хан, бәйбішесі Бектумыш жерленген. Бектумыш керей ханы Тұғырылдың інісінің қызы болатын. Бұл жерде қазба жұмыстары көп жүрді. Бірінші қазба жұмыстарын жүргізген Әлкей Марғұлан жасаған болатын. Құрылымын көріп отырсыздар. Жаңғырту жұмыстары уақытта қуысынан тақташа табылған. Осы қаспеті бойынша оң және сол қанаты болған. Құрылымы өте қарапайым. Сондай болған күннің өзінде көзге көрінбейтін детальдары баршылық», - дейді Жезқазған қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи өндірістік мұражайдың директоры Кенжал Балкенов.
null

Сондай-ақ тарихшылар мен зерттеушілер Домбауыл мен Алаша ханның кесенелерінің тарихынан сыр шертті.   

Екі күндік экспедицияға шыққан топ құрамында Түркия, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұрстан, Татарстан мен Ресейдің бір топ ғалымдары, зерттеушілері, тілшілер бар.
null

Экспедиция аясында Ұлытау өңірінің тарихи маңызы мен мемлекеттіліктің дәстүрлі сабақтастығы, сондай-ақ Түркі әлемі мен еуразиялық дала өркениетінің өзекті мәселелері талқыланып, TWESCO жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы ұсынылады.



nullnullnull

Соңғы жаңалықтар