Моңғолиядағы келіндер тележобасы: Қазақ келіншек үшінші орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақ келіншек Тұрсын Сатқанова Моңғолияның ұлттық телеарнасында өткен «Манай бэр» (Біздің келін) реалити-шоуында үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аsiarussia.ru сайтына сілтеме жасап.

Өзге ұлт өкілдері арасында өткен тележобаның ақтық кезеңіне Тұрсын Сатқанова (Қазақстан), Ханна Максон (АҚШ), Мина Тамура (Жапония) және  Донара Балдансүрэн (Ресей) қатысты. Олардың барлығы Моңғол азаматтарына тұрмысқа шыққан.

Жоба ұйымдастырушылары сайыс шартын әр кезең сайын қиындата түсті. Келіндер моңғол қамырын илеп, түрлі ұлттық тағамдар дайындады. Сайыстың ең қиын шарты моңғолдың ұлттық киімін (дээл) тігу болды. Соңғы тапсырмада келіндер өз өнерлерін ортаға салды.

Жапония тумасы Мина Тамура бұл кезеңде бәрінен озып шықты. Жобаның жеңімпазы атағын да Токиодон келген баянхонгорлық келін Мина Тамура иеленді. Ресей тумасы Донара Балдансүрен - екінші орын, қазақ келіншегі Тұрсын Сатқанова - үшінші және АҚШ-та дүниеге келген Ханна Максон төртінші орынға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар