Моңғолиядағы қазақтар елдің дамуына үлкен үлес қосты - Миеэгомбын Энxболд

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы Миеэгомбын Энxболд Наурыз мейрамына орай қазақ диаспорасының өкілдерін қабылдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі montsame.mn сайтына сілтеме жасап.  

Парламент спикерімен болған кездесуге бұрын жоғары қызметте істеген қазақтар, сондай-ақ, ғылым, білім, денсаулық, өнер мен спорт саласында еңбек етіп жүрген жастар шақырылды. Қонақтардың ең үлкені - 94 жаста. Ол - Жәлел Хазира. Парламент спикері М.Энxболд барлық қазақтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, елдің дамуына, қазақ xалқының мәдениеті пен салт-дәстүрін сақтауға қосқан үлестері үшін өз ризашылығын білдірді.

«Наурыз - бұл әлемдік деңгейдегі мейрам. Оны ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасына қосты. Аталған мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Осы жердегі қазақтар Моңғолияның дамуына елеулі үлес қосты. Әсіресе, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік пен пайдалы қазбаларды өндіру саласында қазақтардың еңбегі зор», - деп атап көрсетті М.Энxболд.

Өз кезегінде Парламенттің бұрынғы мүшесі, мәдениет саласына еңбегі сіңген қайраткер Тәукей Сұлтан және профессор Қабыш Ислам барлық қазақ диаспорасы атынан алғыс айтып, Моңғолиядағы қазақтарға үкімет тарапынан жасалатын қолдау үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар