Моңғолияда үкімет отставкаға кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия парламенті Ұлы Хурал 7 қыркүйекте шақырылған кезекті сессиясында премьер-министр Ж.Эрдэнэбатты отставкаға жіберуді талқылады. Үкімет басшысының кетуін мақұлдап 73 депутаттың 42-ісі дауыс берді (57,5%), деп хабарлайды МОНЦАМЭ .

Парламенттің қаулысына сәйкес премьер-министр Ж.Эрдэнэбат және ол басқарған үкімет толық құрамда отставкаға кетті. Қазіргі уақытта 7 қыркүйектегі қабылданған Ұлы Хуралдың қаулысы күшіне енді.
Сонымен қатар, Конституция бойынша премьер-министр отставкасына орай  министрлер кабинеті де толық отставкаға кетуі қажет, «Үкімет туралы» заңға сәйкес келесі үкімет басшысын парламент 30 күннің ішінде тағайындайды. Ж.Эрдэнэбат жаңа премьер-министр тағайындалғанша өз міндетін уақытша атқарады. 

Соңғы жаңалықтар