Моңғолияда президент сайлауына 2 млн.-ға жуық адам қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия президентінің сайлауына дайындық жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы жексенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Бас сайлау комитетінің жетекшісі Чойнзонгийн Содномцэрэн мәлім етті. Оның айтуынша, сайлауға қатысуға 1,978 млн адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ТАСС» агенттігіне сілтеме жасап.

«Сайлауға дайындық толығымен аяқталды, 25 мың шенеунік сайлау кезінде жұмыс істейтін болады. Бюллетендер автоматты түрде саналады, дегенмен, олардың 50 пайызы сайлаудан кейін қолмен саналады», - деп атап өтті комитет жетекшісі. «Барлық 1983 сайлау учаскісіне камералар орнатылды, полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады», - деп қосты ол.

Оның атап өтуінше, 10-11 маусым күндері шетелде тіркелген 7,2 сайлаушының 66,8 пайызы алдын ала дауыс берді. «Дауыс қорытындысы бар конверт (алдын ала дауыс берудің) 26 маусым күні сағат 22.00-ден кейін ашылады», - деді Чойнзонгийн Содномцэрэн.

2017жылы қазіргі мемлекет басшысы, Демократиялық партияның өкілі Цахиагийн Элбэгдоржаның  екінші президенттік мерзімі аяқталады. Сондықтан ол өз кандидатурасын қайта шығара алмайды. 

Соңғы жаңалықтар