Моңғолияда 8 министр ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия Ұлы Мемлекеттік хуралының сәрсенбіде өткен жалпы отырысында Премьер-министр У. Хурэлсух бастаған жаңа кабинеттің министрлерін тағайындау мәселесі талқыланды.

У.Энхтувшин - Моңғолия вице-премьері, Г.Занданшатар - үкімет істерін басқарушы, С.Чинзориг - еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Ц.Нямдорж - әділет және ішкі істер министрі, Ч.Хурэлбаатар - қаржы министрі, Н.Энхболд -қорғаныс министрі, Н.Цэрэнбат - қоршаған орта және туризм министрі, Д.Цогтбаатар сыртқы істер министрі лауазымдарына тағайындалды.

Атқарушы биліктің құрамына 15 министр кіреді. 19 қазан күні ел парламенті қалған министрліктердің басшыларын тағайындау мәселесін қарайды.

Соңғы жаңалықтар