Моңғолияда 1212 жылы салынған Шыңғысханның әскери бекінісінің орны табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  1212 жылы салынған Шыңғысханның «Чинхай» әскери бекінісінің орны табылды. Бұл туралы 27 наурызда болған баспасөз мәслихатында моңғол-жапондық бірлескен экспедициясының «Писания» зерттеу тобы мәлімдеген.        

Gogo порталына сілтеме жасап Сa-news.org хабарлауынша, бұл бекіністің Говь-Алтай аймағында Шаргада, нақтырақ Халзан Ширэг жерінде орналасқанын атап өтілген.

Сонымен бірге қыркүйекте жүргізілген  қазба жұмысынан кейін осы жерден  13-ші ғасырға жататын құдай мүсінінің сынықтары табылған.

Соңғы жаңалықтар