Моңғолия жастары Атырауда жоғары білім алмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Жагир Сүхээ мырзаны қабылдады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Екіжақты кездесу кезінде монғолиялық жастарды Атыраудағы мұнай және газ институтында оқыту  жайы сөз болды. Аймақ басшысы қазір Атырауда көптеген шетелдік  жастың жоғары білім алып жатқанын, Моңғолия Республикасындағы жастарды оқытуға мүмкіндік мол екенін айтты.

Сонымен қатар,  Елші Атырауда жаңадан ашылған жүн өңдеу және тоқыма фабрикасында болғанын,  Моңғолия жерінде қой жүнінің далада шашылып жатқанын айтып, шикізатты осы кәсіпорынға әкеліп өткізуге ниеттерінің бар екендігін жеткізді.

Тараптар айтылған тақырыптарда терең талдау жасап, өзара экономикалық-мәдени баланысты жетілдіруге уағдаласты.

Айта кету керек аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев пен Моңғолия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Жагир Сүхээ арасындағы кездесу «Атырау Инвест 2016» халықаралық форумының аясында өтті. Форум нәтижесінде 9 меморандумға қол қойылып, 205 млрд теңгенің келісім шарттары жасалды.

Соңғы жаңалықтар