Молдова министрлер кабинеті румын тілін ел Конституциясына енгізуді мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет Республика Конституциясының 13-бабына өзгеріс енгізу туралы заңнамалық бастаманы қолдайды. Молдова «латын графикасы негізіндегі молдаван тілі» синтагманы «румын тіліне» ауыстырмақшы, деп хабарлайды МОЛДПРЕС .

Осылайша, басты заңда румын тілі Молдова Республикасының мемлекеттік тілі деп аталмақ.

Заңнамалық ұсыныс 2013 жылдың 5 желтоқсанындағы Конституциялық соттың №36 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

1991 жылдың 27 тамызында бекітілген  №691  Заң бойынша Молдова Республикасының тәуелсіздігі туралы декларацияда Молдова Республикасының мемлекеттік тілі румын деп айтылған. 

Соңғы жаңалықтар