Мөлдір Әуелбекова тұңғышын дүниеге әкелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әулиеата топырағынан шыққан Қазақстанның танымал әншісі, SuperStar.kz, КешYOU тобы, «Ғашық жүрек» фильмі арқылы көпшілікке танылған 30 жастағы Мөлдір Әуелбекова тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді.

Шекесі торсықтай ұл бүгін түнгі 12-де дүниеге келді. Сәбидің салмағы - 3100 грамм, бойы - 52 см. Сара Тоқтамысова, Жазира Байырбекова, Динара Қырықбаева сынды эстрада жұлдыздары Instagram арқылы әншіні құттықтап үлгерді.

Әнші Астана қаласына түбегейлі қоныс аударған және былтыр желтоқсан айында отбасын құрғаны, жас таланттарға қолғабыс етіп жүргені хабарланған еді. 

Соңғы жаңалықтар