ММУ-дың бұрынғы оқытушысы Мәскеу орталығында өлі күйінде табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Арбат алаңында ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы 28 қазанда ресейлік РЕН ТВ телеарнасы хабарлады.

Мүрде кинотеатр  маңына орнатылған «Мәскеу» сөзін құрайтын әріптердің бірінің арасынан табылды. Телеарна деректеріне сәйкес Кришна есімді ер адам баспанасыз көшеде өмір сүрген. Бұрын ол Мәскеу мемлекеттік университетінде философиядан сабақ берген.

ІІБ басшылығы «Известияға» хабарлағандай, оның денесінен күштеп өлтіру белгілері табылған жоқ. Ер адам үсіп өлген болуы ықтимал. Марқұмға қатысты деректер тексерілуде.   

Соңғы жаңалықтар