ММА тұжырымы бойынша әлем чемпионы Талдықорғанға келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жектен ММА тұжырымы бойынша әлем чемпионы М-1 Сhallenge 87 белбеуінің иегері Арман Әшімов Талдықорғанға келді. Жекпе-жек шебері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен чемпионатта финдік Микаель Силандерді 2-ші раундта накаутпен жеңген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғандықтар ММА аралас жекпе-жегінің уақытша чемпион атағын жеңіп алған Арман Әшімовке құрмет көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік қазақстандық жекпе-жек шебері Арман Әшімов Ресейде өткен М-1 челендж 87 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіске жетті. Спортшы 2-ші раундта финдік Микаель Силандерді нокаутқа жіберіп, ең жеңіл салмақ санатында уақытша чемпион атанды. 

Арман Әшімов Алматы облысы, Талғар ауданының Бесағаш ауылында дүниеге келген. Жетісулық жас спортшы қазіргі таңда ММА спортының Қазақстан чемпионы. Бірнеше жекпе-жек түрінің шебері.

Талдықорған жастарымен кездескен Арман Әшімов өз бапкерлері және ММА федерация басшыларымен баспасөз мәслихатын өткізді. Болашақ жоспарларымен бөлісті. ММА жауынгері алдағы уақытта чемпион атағын өзінде қалдыру үшін украиндық Александр Доскальчукпен кездесуді жоспарлап отыр.

«Жалпы Алматы облысының құрамасы ММА жекпе-жегінде көш бастап келеді. Былтырғы ел чемпионатында жетісулық спортшылар командалық есепте көш бастады. Биыл Қазақстан Республикасының чемпионатын Талдықорғанда өткізу мәселесі қарастырылуда»,- дейді Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким

Соңғы жаңалықтар