ММА-дан Әлем чемпионаты: Муцник күміс жүлдегер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан ММА-дан Әлем чемпионатының финалдық сайыстары аясында еліміздің тағы бір спортшысы өнер көрсетті. Денис Муцник (65,8 келі) ресейлік Абдулмуталип Гайрбеговқа қарсы шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.





Бұл жекпе-жекте Денис өзінің бар палуандық өнерін салды. Партерге түскенде, көп жағдайда, басымдық көрсетті. Алайда ресейлік қарсыласы да қарап қалған жоқ, ауыр соққыларын дарыта білді. Екінші раундтың аяқ жағында Муцник қарсыласын екі рет тұншықтырып көрді. Алайда Абдулмуталип сытылып шықты. Төрешілер шешімімен ресейлік спортшы жеңімпаз атанды. Ал Денис Муцник күміс жүлдені олжалады.












Айта кетейік, алғашқы финалдық жекпе-жекте Санжар Әділов (56,7 келі) төрешілер шешімімен жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуді иеленді. Алда Қазақстанның тағы үш спортшысы өнер көрсетеді.  Темірлан Иxсанғалиев (77,1 келі) Ресейдің тағы бір өкілі Шамиль Мусаевпен күш сынасып көреді. Еркінбек Інжелдің (84 келі) қарсыласы да ресейлік спортшы - Магомед Шаxрудинов. Ал Мария Агапова (61,2 келі) беларус Лилия Казакпен төбелеседі.

Соңғы жаңалықтар