ММА-дан Әлем чемпионаты: Мария Агапова «алтын» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан ММА-дан Әлем чемпионатында қазақстандық Мария Агапова беларус спортшысын жеңді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

61,2 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте екі спортшы да барын салды, ашық айқасқа шықты. Екеуі де үлкен дайындықпен келгенін көрсетті. Себебі төрешілер екі раундтың қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтай алмады. Содан қосымша раунд тағайындалды. Бұл жолы Марияның мерейі үстем болды. Ал беларус спортшысы Лилия Казак күміс жүлдені қанағат тұтты.




Айта кетейік, финалдың алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық Санжар Әділов (56,7 келі) төрешілер шешімімен жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуді иеленді .  Ал Денис Муцник (65,8 келі), Темірлан Иxсанғалиев (77,1 келі) пен Еркінбек Інжел (84 келі) ресейліктерге жол беріп қойды.

Соңғы жаңалықтар