ММА-дан Әлем чемпионаты: Қазақстандықтардың басты қарсыласы кім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен V Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды. Биылғы чемпионатқа 30 елден 170-ке жуық спортшы келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда он жекпе-жек болады. Соның бесеуінде қазақстандық спортшылар өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Санжар Әділов (56,7 келі) тәжікстандық Умедуло Урфоновпен жұдырытасса,  Денис Муцнек (65,8 келі) ресейлік Абдулмуталип Гайрбеговқа қарсы шығады. Темірлан Иxсанғалиев (77,1 келі) Ресейдің тағы бір өкілі Шамиль Мусаевпен күш сынасып көрмек. Еркінбек Інжелдің (84 келі) қарсыласы да ресейлік спортшы - Магомед Шаxрудинов. Ал Мария Агапова (61,2 келі) беларус Лилия Казакпен төбелеседі.

Финалдық сайыстардан кейін кәсіпқой жекпе-жектер өтеді. Алғашқы айқаста Шыңғыс Қайранов өзбек Холмурад Нурматовпен жұдырықтасады. Сәбит Жүсіпов та өзбек спортшысы Мубориз Умаровпен кездеседі. Ал Дәурен Ермеков Еуразия чемпионы атағы үшін таласады. Оның қарсыласы - ресейлік Хаял Искендеров.

Айта кетейік, ММА-дан Әлем чемпионаты кеше басталған болатын. Іріктеу кезінде құрамамыздың үш спортшысы - Алтынбек Бақтыгелдиев (70,3 келі), Әлімжан Сүлейменов (+ 93 келі) пен Зарина Қадырбаева (52 келі) қол жүлдені иеленген болатын . 

Астанадағы Әлем чемпионатын «Qazaqstan», «QazSport», «Матч-Боец» пен «Бокс-ТВ» арналары тікелей эфирден көрсетіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар