ММА-дан Әлем чемпионаты финалында тағы бір қазақстандық жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан ММА-дан Әлем чемпионатының финалында Темірлан Иxсанғалиев (77,1 келі) ресейлік Шамиль Мусаевпен күш сынасып көрді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жекпе-жекте алғашқы партер Темірланның еншісінде болды. Алайда оның қарсыласы жылдам сытылып шықты да, біраз уақыт басымдыққа ие болды. Темірлан қарсыласының қолын қанша ораса да, бүйірден бірнеше қатты соққыны өткізіп алды. Ал екінші раундта ресейлік спортшы тыйым салынған соққыны жасады. Дегенмен, Темірлан айқасты жалғастырды. Партерге қайта түскенде бірнеше ауыр соққыны өткізіп алды. Жекпе-жектің соңына қарай әбден шаршап қалды. Осылайша, жас ресейлік спортшының мерейі үстем болды.










Айта кетейік, финалдың алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық Санжар Әділов (56,7 келі) төрешілер шешімімен жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуді иеленді.   Ал Денис Муцник (65,8 келі) ресейлік Абдулмуталип Гайрбеговқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Алда Қазақстанның тағы екі спортшысы өнер көрсетеді. Еркінбек Інжелдің (84 келі) қарсыласы да ресейлік спортшы - Магомед Шаxрудинов. Ал Мария Агапова (61,2 келі) беларус Лилия Казакпен төбелеседі.

Соңғы жаңалықтар