Міржан Жақсылықов WBC Asian Boxing Council белбеуі үшін бақ сынасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Міржан Жақсылықов Первоуральскіде өтетін айқасқа Қазақстан кәсіби бокс федерациясының рұқсатын алды, деп хабарлады Sports.kz.

Жақсылықовтың айқасы 25 наурызда Ресейдің Свердловск облысы Первоуральск қаласында өтеді. Қазақстандықтың қарсыласы жеңіліп көрмеген ресейлік Павел Маликов (10-0, 4КО). Бұдан бұрын Міржан екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсеткен. Жекпе-жек үшін бір санатқа жоғары  жеңіл салмаққа көтерілді.

Соңғы рет қазақстандық рингке өткен жылы қарашада ресейлік Михаил Алексеевпен (9-0, 4КО)  айқасқан. Сол жекпе-жекте Міржан екінші жартылай жеңіл салмақта WBC Asian Boxing Council Silver белбеуінен айырылып қалған еді.

Соңғы жаңалықтар