Минскіде ТМД кинематографиясының ахуалы талқыланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 13-14 наурызында Минскідегі ТМД Атқару комитетінде ТМД-ға қатысушы елдер кинематографиясы бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Достастық Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесудің басты мақсаты - кинематография саласындағы ТМД-да қабылданған келісімдер мен шешімдердің қолданылу тиімділігін бағалау және осыларды ескере отырып, олармен ары қарай жұмыс істеу тетігін анықтау.

ТМД Атқару комитетіне Әзербайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінен, Беларусь Республикасының Мәдениет министрлігінен, Қырғызстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінен, Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінен және Кинематографистер одағы конфедерациясынан ұсыныс түсіп, жұмыс тобы осы ұсыныстарды талқылайтын болады.

Бұдан бөлек, отырысқа қатысушылар Достастық елдерінің Минскідегі «Лістапад» халықаралық кинофестиваліне қатысуын кеңейту мәселесін талқылайды және «Беларусфильм» киностудиясының жұмысымен танысады.

Айта кетейік, Кинематографиялық жұмыс тобы 2011 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесі аясында құрылған.

Соңғы жаңалықтар