Минскіде ТМД Ақпараттық кеңесінің отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ақпарат агенттіктері басшылары кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды БЕЛТА.

Отырыста ТМД Атқарушы хатшысы - Атқару комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский  ақпарат агенттіктерінің жұмысында  тек жеделдік қана емес, бірінші кезекте алдымен әділдік өте маңызды екендігін атап өтті. Өйткені көп нәрсе тілшінің ақпаратты қалай беруінде. Қоғамның көңіл-күйі де осыған байланысты болмақ.

 «Біз өмірдің қалай тез өзгеріп жатқанын көріп отырмыз.  Бәріміз өте шиеленіскен оқиғалар ортасындамыз, кешегі жаңалық, бұл - өткен тарих. Ал адамдарда қандай пікір қалыптасатындығы және азаматтардың көңіл-күйі мен позициясы журналистерге байланысты», - деді ол.

«Оқиға жаңалыққа айналмас бұрын өңдеуден өтеді, бірақ бәрі бірдей емес, олар да жарияланып жатады», - деп атап өтті Виктор Гуминский. «Бүгінде сауатты берілген ақпарат - бейбітшілік мәселесі».

ТАСС  Бас директоры Сергей Михайловтың сөзінше, ағымдағы жылы 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Беларусь телеграф агенттігі (БЕЛТА)  технологиялық және шығармашылық серпіліске ие.

Беларусь әріптестерінің деңгейін бағалаған Сергей Михайлов  БЕЛТА  лайықты  жұмыс атқаруда, деп атап өтті.

ТАСС Бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман болса, ақпарат агенттіктерінің халықаралық ынтымақтастығы қазіргідей сындарлы сәтте нығая түсуі қажет деген пікірде.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ақпарат агенттіктері басшылары кеңесінің отырысына «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының орынбасары Жасұлан Тойболдин  қатысты. 

Соңғы жаңалықтар