Минскіде «Лістапад» кинофестиваліне ТМД елдерінің қатысуын кеңейту мәселесі қаралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-14 наурызда Минскіде Достастықтың  Атқарушы комитетінің жұмыс тобы осы қалада өтетін «Лістапад» халықаралық кинофестиваліне ТМД елдерінің қатысуын кеңейту мәселесін  талқыламақ. 

Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің сайтында хабарланды.

Басқосудың басты мақсаты - ТМД қабылдаған кинематография саласындағы қол жеткізілген келісімдердің тиімділігін саралау және оны жүзеге асыру тетіктерін айқындау.  

ТМД Атқарушы комитетіне бүгінгі таңда Беларусь Мәдениет министрлігінен, Азербайжан Мәдениет жәнен туризм министрлігінен, Қырғызстан Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінен, Ресей Мәдениет министрлігінен және Кинематографистер одағы конфедерациясынан ұсыныстар түскен. Жұмыс тобы осы құжаттарды талқылайтын болады. Сондай-ақ қатысушылар "Беларусьфильм" киностудиясының жұмысымен танысады.

Еске сала кетсек,  ТМД елдері Мәдени ынтымақтастық бойынша Кеңесі аясында кинематография жұмыс тобы 2011 жылы құрылған болатын.

Қазіргі уақытта осы топты  Беларусь кинематографистер одағының төрағасы Виктор Васильев басқарады.

Соңғы жаңалықтар