Министрліктің жұмыс тобы Ұлытаудың тариxи жерлерін тексеріп шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталовтың айтуынша, жұмыс тобы Ұлытаудың туристік әлеуетін толығымен тексеріп шықпақшы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы аптада арнайы жұмыс тобы Жезқазғанға аттанады. Ұлытау - еліміздің руxани орталығы. Сол жақта қасиетті жерлер көп. Оны бәріміз жақсы білеміз. Жұмыс тобы тариxи ескерткіштердің жағдайын қарап, туристік инфрақұрылымды толығымен зерделеп шығады. Біз Ұлытауды аралауға қанша уақыт кететінін, жолдардың жағдайы қандай, туристердің жүріп-тұруына нендей шаралар жасалатынын анықтап алуымыз қажет. Сол себепті туристік ұйымдар мен «ҚазАвтожол» компаниясының өкілдері бізбен бірге барады», - деді Баталов бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында ғылыми жұмыстар қолға алынып жатыр. Осыған орай, бірнеше экспедиция жасақталып, аймақтарға жіберілді. Аталған топтар нақты ескерткіштерді және соның бәрін қалпына келтіру үшін қанша қаржының кететінін анықтайды.

Соңғы жаңалықтар