Министрлікте украиндық алаяқтың Қазақстанда қаржы пирамидасын құрғандығы туралы білмейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеулер қызметі Украина азаматы Максим Блажкунның Қазақстанда қаржы пирамидасын іске қосуы мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының аумағында «Evart Corporation» компаниясы қызметіне және Блажкун Максимге қатысты ақпарат бізде жоқ»,-деп атап өтілген ведомствоның ҚазАқпаратқа берген жауабында.

Айта кетейік, бұдан бұрын әлеуметтік желілер мен интернет-порталдарда Максим Блажкун Қазақстанда кезекті қаржы пирамидасын құрғандығы және ол Украинада өзінің қаржылық қулық-сұмдықтарымен танымал екендігі туралы ақпарат тараған болатын.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеулер қызметінің өндірісінде ҚР ҚК 217 бабы бойынша (қаржылық пирамиданы құру мен оған басшылық ету) 15 қылмыстық іс болды, қазіргі кезде оның ішінде үш қылмыстық іс аясына тергеу аяқталып, айыптау актісімен сотқа жіберілді. Ал 12 қылмыстық іс тұрғысында сотқа дейінгі өндіріс жалғасуда.

Комитеттің хабарлауынша, барлық «қаржы пирамидаларына» тән ортақ белгілер бар көрінеді. Осы орайда олар жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кірістілігі болатындығына уәде береді, сонымен қатар таныс адамдар арқылы жарнама жасау, түрлі тренингтерді жүргізу секілді қадамдар байқалады. Бұдан бөлек, ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпарат болмайды, ақшалай төлемдер жаңа қатысушыларды тарту есебінен іске асырылады, сондай-ақ қандай да бір өндірістердің немесе негізгі жеке қаржысының болмауы анық көрінеді. Жаңадан келген адамдарға ұйымда мансаптың сатыда жылдам көтерілу туралы уәделер беріледі.

Соңғы жаңалықтар