Министрлік «Жарқайың - Жаңадала» жолын жөндеуді қарастырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында «СТВ» арнасының операторы Төретай Әлмамбетов «Жарқайың - Жаңадала» жолын жөндеуге қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысындағы Жарқайың ауданы, ол бұрынғы Державинскіден Жаңадала ауылына дейінгі 40-50 шақырым жол егемендік алғалы бері жөнделмеді. Жергілікті халықтың жол азабы қашан шешіледі? Адамдар осыны сұрасын деп тапсырған еді», - деді Төретай Әлмамбетов.

Оған ҚР Инвестициялар және даму вице министрі Роман Скляр ресми түрде жауап беруге уәде берді. «Мен сіздің сұрағыңызды жазып алдым. Сосын міндетті түрде хатпен жауап беремін», - деп атап көрсетті Скляр.

Айта кетейік, ағымдағы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4 400 шақырымды құрайтын 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жылдың аяғына дейін 600 шақырым жол пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар