Министрлік ВКонтакте желісіндегі топты бұғаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ВКонтакте әлеуметтік желісінде қоғам наразылығын тудырған «Уроды города Алматы» тобын бұғаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік «Вконтакте» интернет ресурсы администраторына Қазақстан аймағында «Уроды Алматы» тобына шектеу қою немесе жою туралы хабарлама жіберді. Жүргізілген сараптаманың нәтижесінде топ контенті ҚР «Жәке мәліметтер мен оларды қорғау» туралы заңға қайшы екендігі анықталды. Қазір Министрліктің ұсынысы негізінде Қазақстан заңнамасын бұзатын ақпараттарға шектеу қойылды», - деді министрліктен.

Аталған топ алматылықтардың наразылығын тудырған болатын.

Бұл ресурстарда алматылық оқушылар кластастарының суретін жариялап, оны кемсітіп, ар-намысына тиетін сөздер жазған.

Соңғы жаңалықтар