Министрлік өлген малдың еті сатылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде өлген малдың еті сатылғаны туралы таралған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік инспекциясы берген мәліметке сәйкес, облыс аумағында көктемгі су тасқыны кезінде мал өлім-жітімі тіркелмеген. Әлеуметтік желіде ШҚО-дағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен малдың еті сатылып жатқаны жайлы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды», - дейді ауыл шаруашылығы министрінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Еске сала кетейік, жуырда WhatsApp мессенджерінде базарда су тасқынында өлген малдың еті сатылып жатқаны туралы хабар тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар