Министрлік Мейіргүлге: Ата-анаң виза рәсімдесе Қазақстанға еш кедергісіз келе алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан шығарылған 9 жастағы Мейіргүл Ұларбектің ата-анасы виза рәсімдеп, еш кедергісіз келе алады. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті.

«Мейіргүл Ұларбектің ата-анасы Қытай Халық Республикасының азаматтары және олар ағымдағы жылдың 8 тамызында Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен белгіленген мерзімде елден шығып кетуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. 14 тамызда олар Қазақстаннан кетті. Қазіргі уақытта ІІМ тарапынан олардың Қазақстанға келуіне ешқандай шектеу жоқ. ҚХР-дағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде виза рәсімдеген жағдайда олар Қазақстанға еш кедергісіз келе алады. Жоғарыда аталған ҚХР азаматтары тұрақты тұру мәселесімен жүгінген емес», - деді Алмас Садубаев.

Естеріңізге сала кетсек, кеше 9 жастағы Мейіргүлдің Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың қабылдауында болып ата-анасының Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарылғандығын айтып, көмек сұрағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар