Министр теңге бағамының өзгеруіне қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңге бағамының өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 6 сәуір күні Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен соң, келесі күні нарықта өзгерістер болды. «Русал» компаниясының акциялары айтарлықтай төмендеп, ресейлік рубль бағамының өзгеруіне әсер етті. Сондай-ақ, министр биржалық агенттердің кез келген жаңалыққа әсер ететінін атап өтті. Салдарынан психологиялық субъективті реакция болуы мүмкіндігін айтты.

«Санкцияның біздің экономикамызға әсерін бағамдау үшін, алдағы екі-үш тәулікте жағдайдың қалай өрбитінін қарау керек. Себебі, өздеріңіз білесіздер, нарық кей мәселелердің саясилануын өте ауыр қабылдайды. Сондықтан, бірінші кезекте жағдайдың Ресейде қалай жалғасатынын қарау керек. Егер рубль әлсіресе, жүйелік сипатқа ие болады, қандай да бір әсері бізге тиеді. Бірақ, мұнда Ұлттық банкпен бірігіп, жұмыс істеуіміз керек», - деп жауап берді министр журналистер сұрағына. 

Т.Сүлейменов бүгін Премьер-Министрдің төрағалығымен экономикалық саясат жөнінде кеңес өтетінін, онда Ресейдегі ахуал қаралатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар