Министр Сұлтанов депутаттарға зейнетақының қалайша көтерілетінін баяндап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылдан бастап Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейін өзгерту көзделіп отыр. Соған қарай әлеуметтік төлемдердің көлемі артады. Осыған байланысты бюджет шығындары да өседі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылда зейнетақының орташа көлемі ағымдағы жылмен салыстырғанда, 3 849 теңгеге артып, 56 059 теңгені құрайтын болады. Ал базалық зейнетақының мөлшері 11 мыңға артады да, 25,5 теңгеге жетеді. Бұдан бөлек, әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіледі. Онда төменгі күнкөріс деңгейі ескеріледі. Жалпы, 2018 жылда республикалық бюджеттің шығындары 9 триллион 218 миллиард теңгені құрайды. 2019 жылда - 9 триллилн 797 миллиард, ал 2020 жылда 10 триллион 220 миллиард теңгеге жетеді», - деп атап көрсетті ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бүгін «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасын таныстыру барысында.

Оның айтуынша, зейнетақыға кететін ақшаның ұлғаюына бірнеше себеп бар. Біріншіден, зейнеткерлер 44 мың адамға артады. Сондай-ақ, аталған әлеуметтік төлемақының индексациясы жүргізіледі. Екіншіден, 2018 жылы 1 шілдеден бастап, базалық зейнетақының тағайындау ережелері өзгереді.

Соңғы жаңалықтар