Министр Сағадиев түлектерді лимузинмен қыдыртуға көзқарасын білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепті бітіру кештері кезінде лимузиндерді жалдауға қарсы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мен өзім мектеп түлектерінің лимузинмен жүргендеріне қарсымын. Жалпы, көп ақша жинамау қажет. Оның бәрін шоуға айналдырмау керек. Мен ондайға қарсымын. Моральдық тұрғыда ол дұрыс емес. Бірақ екінші жағынан балаларға мектеп бітіргендерін тойлап, таңды бірге аттыруға тыйым салуға болмайды. Негізі, бұл мәселені ұзақ талқылауға болады. Мысалы, мектеп бітіру кешіне мүлдем келмеуге де болатын шығар. Ол - әрбір адамның жеке қалауы. Бірақ 11 жылда бір рет болатын кешке рұқсат бермеу дұрыс емес сияқты", - деді Е.Сағадиев Үкімет отырысынан кейін.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста бірнеше мәселе қаралды. Соның бірі - тұтынушылар құқықтарын қорғау. Осы орайда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев сапасыз тауар сататындарға "Сенбейміз!" деген айдар тағуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар