Министр Мұхамедиұлы әнші Мұқасан Шахзадаевты синтезатормен сүйемелдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Жұлдыз FM» радиосында қонақта болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жуырда тарқап кеткен «Нұр Мұқасан» тобының бұрынғы солисті Мұқасан Шахзадаев Инстаграмдағы өзінің парақшасында министр Мұхамедиұлымен бірге радиоға келіп отырған фотоны орналастырды.

Сондай-ақ М. Шахзадаев радио арнасында жанды дауыспен «Достарым» әнін орындады. Ал бір топ музыкант, соның ішінде Мәдениет министрі оны музыкалық аспаптармен сүйемелдеді. Әнші: «Арыстанбек Мұхамедиұлының «Достарым» әнін автормен бірге орындау сәтінен үзінді», - деп жазып, видеоны парақшасына жариялады.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрі музыкант және бірқатар музыкалық туындылардың (үрмелі оркестрлер үшін марштар, «Бақыт құсы», «Жастар вальсі» композициялары, «Астана», «Асыл сезім», «Достарым» және тағы басқа әндер) авторы.

Арыстанбек Мұхамедиұлының Достарым əнін автормен бірге орындау сəтінен үзінді

Видео опубликовано Mukassan Shakhzadayev (@mukassan) Дек 2 2016 в 6:05 PST

Соңғы жаңалықтар