Министр медициналық қауымдастықтың МӘМС туралы пікірін тыңдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қауымдастықпен кездесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру түйткілді мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ұжымы министрге өз көзқарастарын жеткізді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының басқарма төрайымы Елена Бахмутованың айтуынша, аударымдар туралы ақпарат апта сайын жаңарып тұрады.

15 қыркүйектегі жағдай бойынша, қазір қорда 8 млрд теңге жиналған.

Әлеуметтік төлем аударылып жатқан салымшылардың саны 3,9 млн адамға жетті.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін қаржы көлемін 25 млрд теңгеге жеткізу ойда бар.

Бүгінде нарық қатысушыларының базасына 1519 ұйым кіріп үлгерген. Олардың 686-і жекеменшік ұйымдар.

Бахмутованың айтуынша, қор қаржысының сақталуын мемлекет қамтамасыз етеді. Ал қаржы ҚР Ұлттық банкінде жатыр.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметов ем шарасының нақты құны мен көрсетілген тарифтер сәйкеспейтіндігін тілге тиек етті.

«Кепілдендірілген медициналық көмекті нақтылау керек. Белгілі бір пациентке қажетті қызметті ғана оқшаулау керек. Сақтандыру көмегі бойынша диспансерлік емдеуде біз шығынды өтей алатынымызға сенімді болуымыз керек. Қызмет жеткізуші шығынға батпайтынына сенімді болғаны жөн. Сол кезде ол қызмет көрсетуге мүдделі болады»,- деді Уәлихан Ахметов.

Тіс дәрігерлері лицензиялау жұмыстарының қиындығын, жаңа цифрлық технологияларды енгізудің машақаты көп екендігін алға тартты.

Стоматология саласында емдеуге мемлекеттік тапсырыс көлемі тым төмен жазылған.

Ал құрал-жабдық сататын фирмалар бағаны тым жоғары қояды.

Министрлік бақылау функцияларының біразын жекеменшікке өткізуді жоспарлап отыр.

ҚР ДСМ жобаларды басқару департаментінің директоры Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бизнесті тарту жолында тариф қалыптастыру әдісі қайта қаралады.

Жақында мемлекет басшысы МӘМС енгізуде асығыстық жасаумды тапсырған болатын.

Жақын арада министрлік Мемлекет басшысына шешілмеген сұрақтар бойынша ұсыныстар көрсету керек.

«Бұл соңғы талқылау емес. Барлықтарыңызды пікірталасқа қатысуға шақырамын. Әрине, Мемлекет басшысынан мемлекеттік орган ретінде МӘМС жүйесінің енгізілуін сұрайтын боламыз. Кей жерлерде шешілмеген мәселелер бар. Қалай болғанда да қор жалғыз төлеуші ретінде жұмыс жасайды. Қызмет көрсетушілер арасында тең бәсекелестік жағдайы қалыптасады. Басты қағида пациенттердің таңдауына негізделеді», - деді Елжан Біртанов.

Айта кету керек, 1 шілдеден бастап жұмыс берушілер жұмысшыларына МӘМС төлемдерін төлей бастады.

Жүйе толығымен 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар