Министр доллармен бірге азық-түлік бағаларының неге төмендемейтінін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов доллар бағамымен бірге азық-түлік бағаларының неге төмендемейтінін түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономист ретіндегі жеке пікірім - олар доллар бағамымен бірге төмендемеуі керек. Бізде өзіміздің экономикамыз бар. Біз тауарларды өзіміз шығарамыз. Біздің тауарлардың бағасы теңгеден жасалады. Сондықтан долларға байлап ұстаудың қажеті шамалы. Дедолларизация заңда ғана емес, біздің «басымызда» да оған тыйым салу керек. Бағаларды, жалақыны, көлік пен пәтер құнын долларда санауды доғару қажет. Біз АҚШ-та емес, Қазақстанда тұрып жатырмыз», - деп атап өтті ол министрліктің алқа отырысында.

Оның айтуынша, инфляция мен валюта бағамы бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, тауар бағасы тікелей долларға бағынышты емес.

«Бізде импортқа тәуелділік барын түсінемін. Дегенмен доллар бағамы тікелей бағаға әсер етуі соншалықты көлемді емес. Бұл тәуелділік азая береді деп үміттенемін. Себебі біз өзіміздің өндірістері ұлғайтамыз, валюталардың ауытқуы өзімізде шығатын азық-түлік бағасына әсер етпейтін болады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар