Министр бензин бағасының Ресеймен байланысын түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасы Ресейдегі отын құнымен не себепті өзара байланысты екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өнімдері нарығындағы проблема Ресеймен арадағы шекара бойымен кедендік бекеттердің болмауына байланысты. Істің мән-жайы бензин мен дизельдік отын үшін баға тепе-теңдігін тұрақты түрде пысықтауды талап етеді. Яғни, республикадағы бензин бағасы РФ-пен салыстырғанда айтарлықтай төмен немесе жоғары болмауы тиіс. Егерде отын құны Ресейдегі бағадан елеулі түрде төмен болса, онда біздің мұнай өнімдеріміз Ресейге қарай тасымалданып кетеді. Сонымен қатар, біздегі баға жоғары болса, сәйкесінше ресейлік бензиннің үлесі нарықта артады», - деп түсіндірді министр үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі барысында.

Биылғы бірінші тоқсанда ішкі нарықты отандық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәліметтеріне тоқталсақ,  бензиннің барлық маркалары бойынша - 81 пайызды, дизель отыны - 90 пайызды, аиакеросин - 58,3 пайызды, сондай-ақ мазутпен қамту 100 пайызды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қанат Бозымбаев Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысуға ниетті инвесторлар бар екенін мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар