Министр Ақтөбедегі автобус өрті туралы: Тергеу әлі аяқталған жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов Ақтөбе облысындағы автобустың өртенуіне қатысты қылмыстық істің тергелуі жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тергеу әлі аяқталған жоқ. Үш адам қамауға алынды. Ол жерде әлі біраз нәрсені дәлелдеу керек. Автобустың иесінен жауап алынуы тиіс. Қазір ол шетелде жүр. Сұрақтар көп. Аталған қылмыстық іс соттың шешімі шыққанда аяқталады», - деді Қ.Қасымов журналистерге берген сұxбатында.

Айта кетейік, ағымдағы жылы қаңтар айында Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды. Барлығы - Өзбекстан азаматтары. Аталған оқиға кезінде 5 адам аман қалды. Олар автобустан шығып үлгерген. Екеуі - Өзбекстан азаматы, үшеуі - Қазақстан азаматы. ҚР Ішкі істер министрлігі автобус өртінің негізгі себебін жариялаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар