Міндетті медициналық сақтандырудан қанша қаражат жиналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылғаннан кейін шамамен қанша қаражат жиналатыны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«МӘМС жүйесі іске қосылған соң, оны 2019 жылға қалдыру ескеріле отырып, 114 млрд теңге жиналатыны жоспарлануда», - деді Міндетті медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» сауалына.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қордың толыққанды жұмысты бастауына қаражат жетеді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қазақстандық үлгісін дамыту принциптерінің бірі - кепілдіктер мен міндеттемелердің теңгерімділігі. Бұл орайда МӘМС-ке қаржының түсуінде тапшылықтың болу қаупі жоқ», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бұған дейін аталған қор МӘМС бойынша көмек алу мерзімі өзгертілуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар