Миллиардер криптовалюта болашағы туралы: Биткоин алтынды алмастырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байлығы биткоинмен есептегенде миллиард долларды құрайтын Кэмерон Уинклвосс, алдағы уақытта криптовлютаның 20 есеге өсетіндігін болжады, деп жазады Bloomberg.

Еске сала кетейік, америкалық егіздер Тайлер мен Кэмерон Уинклвосстар әлемдегі тұңғыш биткойндық миллиардер атанғандығы туралы біз бұған дейін хабарлаған болатынбыз . 

Bloomberg-ге берген сұхбатында Биткоинды миллиардер Уинклвосс мұндай есепті, өз ойынша қазіргі құны 6 триллион долларды құрайтын нарықтағы алтын бағасына негіздеп жасағандығын айтты.

Оның пікірінше, болашақта биткоин алтынды алмастырады. Ағасы Тайлер екеуі криптоволюталық операцияларды жалғастыра бермек.
Сонымен қатар, ол өзінің байлығы, қолында қанша биткоин бар екені туралы нақты мәлімет беруден бас тартты.
null 

Ағайынды егіздер -  Тайлер және Кэмерон Уинклвосстар өздерінің HarvardConnection атты әлеуметтік желі  жобаларын 2003 жылы Гарвард университетінің студенттері болып жүргенде бастаған. Кейін олар бұл жобаға Марк Цукербергті жалдаған. Екі айдың ішінде Цукерберг жұмыс берушілерімен емес, Эдуардо Саверинмен бірлесіп өзінің жеке әлеуметтік желісін дүниеге әкелген болатын.

Соңғы жаңалықтар