Михаил Кукушкин АҚШ-тағы айтулы турнирдің финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Американың Ирвинг қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Стив Джонспен кездесті. Қос қарсылас бір-бірін әбден білетін. Олар бұған дейін 4 мәрте кездесіп, жеке есептері 2:2-мен тең тұрған. Бұл жолы жерлесіміз айласын асырып кетті.

Енді финалдық ойында Кукушкин итальян спортшысы Маттео Берретинимен бақ сынайды. Ол - әлемдік рейтингтің 108-ші сатысында тұрған ойыншы.

Айта кетейік, осы турнир барысында Кукушкин Михаил Бьорн Фратанджело, Джаред Дональдсон және Остин Крайчек сынды үш америкалық теннисшінің жолын кескен болатын. 

Соңғы жаңалықтар