Мигранттар Қырғызстанға бес айда 615 млн доллар ақша аударды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың бес айында мигранттар Қырғызстанға 615 млн доллар ақша аударған, деп хабарлайды Кабар.

Мемлекеттік көші-қон қызметінің басшысы Медетбек Айдаралиевтің айтуынша, 2017 жылғы қаңтар-сәуір кезеңінде ақша аударымдарының сомасы 615, 19 млн доллларды құрады. Өткен жылы ұқсас кезеңде бұл сома  456,1 млн доллар болған.

«Бұл біздің азаматтар үшін өзінің әлеуметтік-экономикалық  мәселелерін шешуге үлкен көмек деп санаймын. Сондай-ақ бұл ЕАЭО елдеріндегі жағдайдың тұрақты екенін білдіреді», -  деді ол.

Соңғы жаңалықтар