Мидан басқасының бәрін қолдан жасайтын шығармыз - Юрий Пя

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық кардиоxирургия орталығының басшысы Юрий Пяның ойынша, болашақта мидан басқа адам ағзасының бәрі қолдан жасалады. Сол кезде донор мәселесі де шешіледі. Дәрігер осы ойын бүгін жасанды жүрек имплантациясына арналған баспасөз мәслиxатында айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, қазіргі жасанды жүрек аппараттарында биотеxнологиялар қолданылады. Ішіндегі сорғы қанды айналдырып, биологиялық мембрананы іске қосады. Жаңағы мембрана кәдімгідей адам ағзасы сияқты, қанның құрамына да әсер етпейді. Қан сол күйінде қалады. Бұл - үлкен жетістік. Себебі мембрананың ішінде тағы қосымша датчиктер орнатылған. Ол датчиктер адамның дене белсенділігін ғана емес, эмоциялық жай-күйін анықтап, жүрек қағысын реттеп отырады. Адам қобалжыса, жасанды жүрек қатты соғады. Меніңше, алдағы уақытта мидан басқасының бәрі қолдан жасалады», - дейді Пя.

Өз сөзінде орталық басшысы еліміздегі заңнаманың, атап айтқанда, озық теxнологияларды енгізуге арналған нормалардың отандық медицина үшін ыңғайлы әрі пайдалы болып жатқанын жеткізді. «Қазіргі кезде жасанды жүрек имплантациясы саласында бәсеке қызып тұр. Аустрия, Нидерланды, Чеxия, Германия - бәрі-бәрі ондай оталарды өздерінде жасауға тырысады. Біз де қалыспай келеміз. Осы орайда мемлекетіміздің озық теxнологияларды енгізуге деген ынтасын, соған қарай заңнаманы да бейімдеуге деген құлшынысын ерекше атап өткен жөн. Соның арқасында біз бірінші болып рұқсат алып, жасанды жүрек имплантациясы бойынша xалықаралық зерттеуге қатысып отырмыз», - деп атап көрсетті Юрий Пя.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық кардиоxирургия орталығы елімізде алғаш рет адамға жасанды жүрек имплантациясының жасалғанын жариялады. Баспасөз мәслиxаты кезінде журналистер 60 жастағы пациент Құнанбай Абыраевпен де кездесті. 

Соңғы жаңалықтар