Мейрамханадағы жарылыс: 18 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабулдегі жарылыстан кем дегенде 18 адам қаза тапты, деп хабарлады бейсенбіде Tolo News ауған телеарнасы.

Жарылыс қаланың солтүстік-батысындағы мейрамханада болған. Ол жерде «Ауғанстан ислам қоғамы» ірі ауған партиясының жоғары шенді мүшелерінің кездесуі өтіп жатқан.

Қаза тапқандар арасында - сегіз полицей мен 10 бейбіт тұрғын бар, деп хабарлайды телеарна құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. Кем дегенде 10 адам жарақат алды.

Бомба мейрамхананың маңында тұрақта тұрған көлікте болған. 

Соңғы жаңалықтар