Мейірім Нұрсұлтанов кәсіби рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-тағы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz -қа сілтеме жасап.

Лос-Анджелесте өткен бокс кеші барысында Мейірім америкалық Лэнни Дардарды бірінші раундта техникалық нокаутпен «тоқтатты».

Бұл қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі үшінші жеңісі және уақытынан бұрын аяқтаған екінші айқасы. Ал Дардар үшін бұл сегізінші жеңіліс. 

Еске салсақ, Мейірім Нұрсұлтанов ағымдағы жылдың сәуір айында Анкасвиллде (АҚШ, Коннектикут штаты) мексикалық Хавьер Ольверамен айқасып, кәсіби рингтегі алғашқы нокаутына қол жеткізген болатын . Алты раундтық форматта өткен жарыс екінші раундта 1.15 ұпаймен Нұрсұлтанның орындауындағы техникалық нокаутпен аяқталды. Ольвера өз мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

Соңғы жаңалықтар