Месси төртінші рет «Алтын бутса» иегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» көшбасшысы Лионель Месси 2016/2017 маусымының қорытындысы бойынша «Алтын бутса» иегері атанды.

Бұл марапат жыл сайын Еуропа чемпионатының үздік шабуылшысына табысталады.

Аргентиналық өткен Испания чемпионатында 37 гол салды. Одан кейінгі орынды 34 гол соққан лиссабондық «Спортингтің» форварды Бас Дост пен дортмундық «Боруссияның» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянг (31 гол) иеленді. 

Соңғы жаңалықтар