Месси «Барселонадан» кетуге бел буды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Футболдан Аргентина құрамасының және «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси каталондық клубтан кетуге ниеттеніп отыр. 

Бұл туралы ESPN FC хабарлады.

Басылымның мәліметіне қарағанда, Месси каталондық клуб құрамының жасақталуына көңілі толмайды, ал бразилиялық форвард Неймар «Пари Сен-Жермен» клубына кеткеннен кейін бұл ойына одан сайын беки түсті.

Испандық ақпаратқа сенсек, осы жолы Месси «Барселонадан» шындап кетуге ниетті.

Бұдан ертерек, ағылшындық «Манчестер Сити» клубының Мессидің ауысуына €300 млн төлеуге дайын екендігі айтылған болатын.

Соңғы жаңалықтар