Месси «Барселона» үшін 500-ші голын салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатындағы «Севильямен» кездесуде каталониялық команданың пайдасына мерейтойлық голын салды, деп жазады Чемпионат.ком.

Аргентиналық футболшы кездесудің 43-минутында «Барселона» пайдасына өзінің 500-голын салды. Футболшы ресми матчтарда 469, ал бейресми ойындарда 31 гол салған.

2003 жылдан бері «Барселона» сапында ойнайтын Месси клуб тарихындағы үздік шабуылшы болып саналады. 2012 жылы аргентиналық клуб тарихындағы Сесар Родригестің рекордынан (ресми матчтарда 232 гол) асып түсті.

Соңғы жаңалықтар