Меркель төртінші рет сайлауға түсуге ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия Канцлері Ангела Меркель 2017 жылы өтетін сайлауда үкімет басшысы қызметіне өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін мен президиум мен партия басқармасына Эссендегі съезд барысында Канцлер лауазымына өз кандидатурамды ұсынуға дайын екенімді хабарладым», - деді ол Берлинде журналистерге.

Оның айтуынша, жексенбі күні 5-7 желтоқсанға жоспарланған партия съезі үшін қарардың жобасы жасалатын болады.

«Маған біраз уақыт керек, шешімдер де кеш қабылданады, бірақ мен шешім қабылдасам, соңына дейін күресемін», - деді саясаткер.

Германияда канцлерді парламенттік сайлау қорытындысы бойынша депутаттар сайлайды - сайлаушылардың ең көп дауысын жинаған өз кандидаттарын партия немесе саяси күштер коалициясы ұсынады.

Меркель алғаш рет ГФР канцлері лауазымына 2005 жылы тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар