Меркель босқындарға қатысты Германия саясатын өзгертпейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия канцлері босқындарға қатысты Германия саясатын «табысты» деп есептейді және өзгертуге тырыспайды, деп хабарлайды REGNUM агенттігі.

Журналистермен сұхбатта Ангела Меркель өткен жылдың жазынан бері «Германия мен Еуропаға тиімді шешімдермен» жұмыс жасалғанын және жұмыстың жемісті болғанын мәлімдеді.

 «Біздің мақсатымыз өткен жылғы жағдай қайталануына жол бермеу және шын мәнінде біз 12 айда үлкен жетістікке қол жеткіздік», - деді Меркель.

Сонымен бірге, Германия канцлері «өз саясатын еш өзгертпегенін» және мемлекеттің айлар бойы бір бағытта келе жатқанын хабарлады.

Кеше Германия ІІМ басшысы Томас Де Мезьер журналистерге Германия аумағындағы босқындар саны 890 мыңды құрағанын хабарлады. Министр Меркельдің «оптимистік» көзқарасымен келіспейді: оның айтуынша, 2016 жылы елге 210 мың босқын енген, демек көші-қонмен күрестің «жеңіл шаралары», оның ішінде Түркиямен «көші-қондық келісім» еш жұмыс істеп жатқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар