Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз

Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз
2017 жылғы 16 қыркүйек 13:13 1711

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының финалдық кезеңінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылғы ұлттық байқаудың лауреаты атағына Қарағанды облысынан Куриленко отбасы иеленді. 7-15 қыркүйек аралығында sms/интернет арқылы дауыс беру нәтижесінде көп дауыс жинаған аталған отбасы байқау жеңімпазы атанды.

Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз

Аталған әулеттің отағасы Николай Семенович ҰОС ардагері, 45 жыл бойы Теміртаудағы металлургиялық кобинатта қызмет еткен. Бірқатар ордендермен және медальдармен наградталған. Олардың өмір жолы оңай болған жоқ. Николай Семенович 36 дивизионда гвардиялық жауынгерлік бөлім құрамында айқасты. Күллі Еуропаны жүріп өтіп, Ленинград, Балтық теңізін қорғады.

Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз

Мария Федоровна болса ҰОС кезеңінде тылда еңбек етті. Олардың 5 баласы, 10 немересі, 7 шөбересі бар. Теміртауда ардагерлер арасында Куриленко отбасы 2016 жылғы үздік отбасы атанды. Ерлі-зайыпты Николай Семенович пен Мария Федоровна Куриленко бірге 66 жыл өмір сүрді.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жеңімпаз отбасыға естелік мүсінше мен шағын автобустың кілтін табыстады.

Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз

«Бүгін аса маңызды шара өтіп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз үшін мұндай мерекелік шараны ұйымдастыруға бастама көтерген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды жеткізгім келеді. Мемлекет басшысы үнемі ҰОС аргерлері мен тыл еңбеккерлерінің жағдайын назарда ұстайды және біз осы қолдауға разымыз. Мен өз Отанымды, отбасым өмір сүріп жатқан сүйікті Теміртауымды өте жақсы көремін. Алға Қазақстан!», - деді қарт ардагер Николай Куриленко.

Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз

Сонымен қатар бүгінгі салтанатты шара барысында биылғы іріктеудің нәтижесінде әр өңірден финалдық кезеңге өткен 16 үміткер отбасының әрқайсысына арнайы дипломдар мен тұрмыстық техниканы алуға 300 мың теңге сомасында сертификат табысталды.

Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз

Мерекелік шара қазақстандық экстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертпен аяқталды.

Конкурс қоғамдағы ізгілік пен адамгершілікті, неке және отбасы институттарын нығайтуға бағытталған. Ол биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Осы жылы байқауға 2879 отбасы қатысты, яғни 2016 жылмен салыстырғанда, олардың саны 11,6% өсті (2016 жылы 2579 отбасы қатысқан).

Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз

Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда, белгілі бір мамандықпен айналысатын әулеттер өкілдерінен құралған отбасылар саны 6,8%-ға көбейді (2016 жылы - 483, 2017 жылы - 516) және жас отбасылар саны да 6%-ға ұлғайды (2016 жылы - 472, 2017 жылы - 500).

Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз
Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз
Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз
Мерейлі отбасы: 66 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты жеңімпаз

 

 

Басты сөздер: Мерейлі отбасы, Қоғам,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пiкiрлер

  • 16.09.2017Дара
    0
    Мен мнау қорытындымен келіспеймін - 106 жастағы ветеран қарияға беру керек еді

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер