Мереке күні баянауылдық сегіз отбасы баспаналы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданы орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы негізінде баспана бой көтеріп, Тәуелсіздік мерекесінде сегіз отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды pavlodarnews.kzі.

Ауыл халқы алдында аудан әкімі Оразгелді Қайыргелдинов жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

«Баршаларыңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Еліміздің егемендігі мәңгі, абыройы биік болсын! Бүгін қуанышқа кенеліп отырған отбасылардың берекесі арта берсін. Ауданымыздың көркейіп, гүлденуі жолында бірнеше жылдан бері еңбек етіп келе жатқан үй кезегінде тұрған азаматтар мен азаматшалар баспаналы болып отыр. Біз «ТСК-Строй» ЖШС-мен келісе отырып, осынау тұрғын үйлерді компанияның өз қаражатына салдық. Енді толық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін облыс әкімі Болат Жұмабекұлының қолдауымен ол компаниядан сатып алатын боламыз», - деді Оразгелді Қайыргелдинов.

Сонымен бірге, аудан әкімі 24 пәтерлік қос қабатты тұрғын үйдің де құрылысы наурыз айында аяқталып, пайдалануға берілетінін жеткізді. Мерейлі мерекеде баспаналы болған аудандық аурухананың акушер гинеколог дәрігері Гүлнар Жүнісова мен Оңтүстік Қазақстан облысынан қоныс аударып келіп, Ш.Айманов атындағы гимназия мектебі жанынан құрылған «Балалар шығармашылық үйінің» жетекшісі Нұрлан Сейітов барша қуаныш иелерінің атынан ел егемендігінің 26 жылдығымен құттықтап, аудан басшылығына алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар